Алла (араб.: الله), кейде Аллаһ — Ислам дініндегі бiр Құдайды (Тәңірді) бiлдiретiн араб сөзi. Бұл сөз әл-илаһ (al-ilāh) - "осы Құдай, Тәңір" деген сөзден қалыптасқан болып, "Құдай" мен "Тәңір", мағынасындағы Ел және Елаһ деген иврит және арамей сөздерінен бастау алады.[1][2]
Исламға дейін Алла сөзі арабтардың түрлі діндерінде қолданылып келген.[3] Анығырақ айтқанда бұл атау мұсылман және христиан арабтарының арасында бірдей қолданыс тапқан.[4] Бұл сөзді жаппай болмаса да, Бабистер, Баһаи, Мандеилер(орыс.)қаз., Индонезия мен Мальта христиандары және Мизраһи еврейлері қолданған.[5][6][7][8] Батыс Малайзиядағы христиандар мен сикхтердің бұл сөзді қолдануы таяуда саяси және құқықтық келіспеушіліктерге әкелген болатын.[9][10][11]
Этимологиясы
Аллаһ сөзі қазақ тілінде Алла деп бұрыннан айтылып және жазылып келді, ҚМДБ да бұл туралы өз пәтуасын берді.[12]
Алла сөзінің этимологиясын араб ғалымдары талқылап келеді.[13] Басра мектебінің грамматиктері оны "өздігінен" (murtajal) мағынасында түсіндіреді, яғни, «жоғары» немесе «жасырын» деген мағынасы бар ауызша түбірі lyh болған lāh-тың белгілі бір нысаны ретінде таниды.[13] Басқалар бұл сөзді сириялық және иврит тілінен алынған деп есептеп, бастысы араб сөз алды қосымшасы әл (al-) "осы" деген сөз бен Илаһ (ilāh) "Тәңір, Құдай" сөзі бірігіп Ал-лаһ (al-lāh) "осы құдірет", "бір Құдай"
деген мағына береді дейді.[13] Қазіргі ғалымдардың көбі екінші нұсқаны растайды, сырттан келген сөз дегенге күмәнмен қарайды.[14]
Алла сөзімен тамырлас басқа сөздер иврит және арамей тілінде кездеседі.[15] Қатысты арамейше нұсқасы Елаһ (Elah, אלה) болса, ол дәріптелген күйде Елаһа (Elaha, אלהא) делінген. Мұның Інжілдік Арамейлік жазбаша нұсқасы Елаһа (ʼĔlāhā, ܐܠܗܐ) болса, Ассириялық шіркеудегі сириялық нұсқасы Аллаһа (ʼAlâhâ, ܐܲܠܵܗܵܐ) болған. Бұл екеуі де қарапайым түрде '"Құдай'" деген мағынаны береді.[16] Інжілдік иврит көбінесе көпше түрде Елоһім (Elohim, אלהים) деп қолданылса, анда-санда ол жекеше түрде Елоаһ (Eloah, אלוהּ) деп қолданылады.(אלוהּ).
Ислам дінінде
Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла - бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ және бұл сөзді барлығы мойындап отыр.
Алла сөзінің маңызы зор. Барлық өте жақсы аттар және сапалардың иесi, тиiстi шын жаратушыға және құдайға теңестіреді, ол - жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және туылмайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес.
Бiр құдайлық
Негiзгi бап: Таухид
Таухид - Алла бiр, Құдай жалғыз жаратушы екенін мойындау. Құдаймен жинағы маңызды (таухиду-ррубубийа), табынуға тек қана Ол лайықты (таухиду-ль-улухийа) және мұндай атрибуттарға жəне ешкім ие болмайтын сапаларға ие болатын, тiптi (таухид-уль-асма уа сыйфат) таухид ислам дiнiн құрайтын бас болып табылады.
Алланың көркем есімдері
Алла
әр-Рахман – аса қамқор
әр-Рахим – аса мейірімді
әл-Мәлик – бүкіл әлемдердің егесі, әміршісі
әл-Қуддус – барша кемшіліктен пәк, қасиетті
әс-Сәлам – жаратқандарын амандықта ұстаушы
әл-Мумин – жүрекке иман беруші, азаптан қорғаушы
әл-Мухаймин – әр уақыт өз саясына алушы, үкімінің астына алушы
әл-Азиз – ұлы, жеңілуі мүмкін емес жеңімпаз
әл-Жаббар – өзінің үкімін барша әлемге жеткізуші, қалағанын күштеп жасатушы
әл-Мутәкәббир – барлық нәрседе ұлылығын көрсетуші
әл-Халиқ – барлық нәрсені жаратушы, жоқтан жаратушы
әл-Бари – кемшіліксіз жаратушы
әл-Мұсаууир - әрбір қалаған нәрсесіне бейне беруші
↑ abcD.B. Macdonald. Encyclopedia of Islam, 2nd ed, Brill. "Ilah", Vol. 3, p. 1093.
↑Gerhard Böwering. Encyclopedia of the Quran, Brill, 2002. Vol. 2, p. 318
↑Columbia Encyclopaedia says: Derived from an old Semitic root referring to the Divine and used in the Canaanite El, the Mesopotamian ilu, and the biblical Elohim and Eloah, the word Allah is used by all Arabic-speaking Muslims, Christians, Jews, and other monotheists.