Вермонт (ағылш. Vermont) — АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігіндегі штат. Жаңа Англия штаттар тобына жатады. Жері 24,9 мың км². Халқы 627 мың, оның 40% пайызы қалада тұрады. Әкімшілік орталығы – Монтпилиер. Жерінің көп бөлігін Аппалач тауларының Жасыл таулар бөлігі алып жатыр. Экономикасының басты саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде сүтті мал өсіру. Жерінің 11%-ы егістік, оның 90%-на жем-шөп дақылдары егіледі. Ағаш өңдеу, мата тоқу, металл өңдеу кәсіпорындары бар. Асбест, гранит, мәрмәр, мыс рудасы өңдіріледі. Табиғат көркін тамашалау үшін туристтер көп келеді.
Галерея
-
Берлингтон, штаттың ірі қаласы
-
Ратленд
-
Монтпильер, штаттың астанасы
Сыртқы сілтемелер