Географиялық координаттар
Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді. Солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда – теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады. Дереккөздер
|