Мажарлар
Мажарлар (маж. magyarok) — Мажарстан елінің басты халқы. Әлемде 14,5 млн мажар тұрып жатыр. Диаспорасы Румынияда, Словакияда, Украинада және ең көбі АҚШ-та. Дін бойынша, көбі католиктер. ТіліФинн-угор тілдер тобының мажар тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Мажарстан Республикасының ресми тілі. Латын тілінен көбіне діни, мәдени, әкімшілікке қатысты , славяндардан жер өңдеу, киім, тағам атаулары, неміс тілінен сауда, өнеркәсіп, әскери өнер лексикалары енген. Мажар тіліне түркі сөздерінің енуі бірнеше кезеңмен байланысты:
Мажар тілінде бірнеше диалекті бар: батыс, солтүстік-шығыс, куншаг және секей диалектісі. ДініМажарлардың басым бөлігі католиктер, кальвиншілдер, аздап лютерандықтар да кездеседі. ТарихыМажар халқының негізін шамамен б.з.б. 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул (манси), остяк (ханси) жұрттары мен Орал бойын мекендеген угорлар және түркілер құраған. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған олар тарихта Леведия (Еділ мен Дон арасында), Етелкоз (Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында) аталған өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар т.б. түркі тайпаларымен байланыстар жүргізген. 895 ж. Карпат қойнауына біржола қонстанған. КәсібіМажарлар негізінен әртараптандырылған экономикада, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Бұрынғы дәстүрлі сала егіншілік болды, онда мал шаруашылығы жетекші рөл атқарды, ал 19 ғасырдан бастап егіншіліктің маңызы арта түсті. Жайылымдық мал шаруашылығы жазықтарда (Альфельд провинциясы) кең таралған, оңтүстігінде жылқы, шошқа, қой да өсіріледі. Қоныстары әртүрлі. Ауылдық жерлерде ірі ауылдар мен шаруа қожалықтары бар. Тұрғын үйлері - ағаштан (елдің батысында) немесе қабырғалары топырақпен немесе қамыспен жабылып, балшықпен сыланған. Төбесі сабанмен немесе тақтайшамен жабылған. Қазір тас пен кірпіш қолданылады. Әдетте, дәстүрлі тұрғын үйлердің қасбеті сыртқа шығып, ұзын жағы аулада қалады. Венгриялық сәулет өнерінің бұл ерекшелігі чехтер, словактар, хорваттар мен сербтер арасында тарады. МәдениетіХалық әндерінен Еділ бойы халықтарына ұқсас әуендер байқалады. Билері жұппен және топпен орындалады, негізінен 32 түрлі қимылды қайталайды. "Вербункош", "Чардаш" сияқты ұлттық билері бар. Қазақстандағы мажарларҚазақстандағы мажарлар 1-дүниежүзілік соғыстан кейін тұтқынға түскендердің, келесі толқыны тың игеру жылдары жолдамамен жұмысқа келгендердің ұрпағы. Қазақстандағы мажарлардың саны:
Қазақстандағы ең танымал мажар – Иштуан Мандоки Қоңыр, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қаласында Иштуан Мандоки Қоңыр атындағы көше бар. Дереккөздер
Сілтемелер
|