Мұстақым Біләлұлы Ықсанов
Мұстақым Біләлұлы Ықсанов (30 наурыз 1926, Байдуков ауылы, Орал губерниясы, Қазақ АКСР — 18 қараша 1991) — кеңестік қазақ мемлекет және партия қайраткері. Қызмет жолыАлматы темір жолы техникумын (1945 жылы), Қазақ ауыл шаруашылық институның су – техникалық факультетін бітірген. 1952 – 58 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданы комсомол комитетінің 1 – секретары және Жетісай құрылысы басқармасының прорабы, өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы. 1958 – 61 жылы Қазақтың Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы. Иксанов су – техникалық және ирригациялық құрылыстар саласының маманы рнетінде Қазақстанның күріш және мақта өсіретін аудандарының дамуына зор үлес қосты. 1961 – 62 жылы Түркістан облысы Ильичев ауданы партия комитетінің 1 – секретары. 1962 – 63 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы. 1963 – 66 жылы Қазақстан КП Қызылорда облысы комитетінің 1 – секретары. 1966 – 70 жылы Қазақстан ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары. 1970 – 71 жылы Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінің 1 – секретары. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК – нің секретары. 1966 жылдан Қазақстан КП ОК – нің мүшесі, 1971 жылдан Қазақстан КП ОК бюро мүшесі. КПСС 23, 24 – съездерінің делегаты. 1971 жылдан КПСС Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі. 7 – 8 сайланған Қазақстан ССР Жоғары Советінің депутаты. Қазақстан ССР – нің еңбек сіңірген құрылысшысы (1961 жылы).[1] Дереккөздер
|