ТракторТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина. СипаттамаАуыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады. ТүрлеріҚозғалтқышының түріне қарай трактор «доңғалақты» не «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.
ТарихыБу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады. ҚолданылуыАуыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды. ҚұрылымыТрактордың механизмдері мен жабдықтарына:
«Күштік қондырғы» трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы (бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. «Күштік беріліске» ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Доңғалақты трактордың «жүрістік бөлігі» аспадан, осьтен және пневматик. шиналы доңғалақтан, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші доңғалақ, т.б. тұрады. Трактор «қаңқасы» әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. Трактордың «басқару механизмі» рульдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор «кабинасы» тракторшының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалады. Трактордың «электрлік жабдықтары» ток көзінен (аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты от алдыру, жолды жарықтандыру, кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негізгі сипаттамаларына оның техника-экономикалық, техехникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады[1][2]. Дереккөздер
|