Қазақстан Республикасы 2024 жылы 1 шілдедегі дерек бойынша:
20 бірінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала;
227 екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: облыстардағы 170 аудан, 39 облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қалалардағы 18 аудан;
2345 үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: аудандық маңызы бар қалалардың 48 әкімдігі, облыстық маңызы бар қалалардағы 4 аудан әкімдігі, 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ әкімдігі, 101 ауыл әкімдігі.
Барлығы Қазақстанда 90 қала, 27 кент, 6208 ауыл бар.[1]
Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады.
Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар:
Астанада — 6 аудан
Алматыда — 8 аудан
Шымкентте — 5 аудан
Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады.
Үшінші деңгей
Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 6 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды, Ақтөбе және Тараз қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар.
Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады.
Тарихы
Ресей империясы
XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған:
Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград)
3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды:
19 маусым 2018: Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға жатқызылып, облыс орталығы Түркістанға көшірілді
23 наурыз 2019: Қазақстанның елордасы Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді