V деген Вендетта (фильм)
V деген Вендетта (ағылш. V for Vendetta) — 2006 жылғы Джеймс МакТигтің режиссерлігімен және ағайынды Вачовскилердің сценариі және продюсерлігі бойынша, Алан Мур мен Дэвид Ллойдтың 1988 жылғы Vertigo/DC Comics компаниясының аттас комикстер сериясы негізінде түсірілген антиутопиялық саяси триллер фильмі. Фильм желісі альтернативті болашақта орын алады. Онда Құрама Патшалықты неофашистік режим жайлап алған. Алдын-ала ойластырылған лаңкестік әрекеттер арқылы төңкеріс ұйымдастыруды көздейтін азаттық үшін күресуші анархист V есімді кейіпкерді Хьюго Уивинг және V-дің көмегімен құтқарылған жергілікті телевизияда ассистент болып жасайтын Иви рөлін Натали Портман, сондай-ақ V-ді тоқтату үшін тергеу жүргізетін детектив рөлін Стивен Ри сомдайды.
|