Киев
Киев (укр. Київ [ˈkɪjiu̯]) — Украинаның астанасы және ең ірі қаласы, батыр-қала. Днепр өзенінің бойында орналасқан. Киев агломерациясының орталығы болып табылады. Киев – Украинаның жеке әкімдік-аймақтық бірлігі, елдің мәдени-басқару орталығы, сол сияқты Киев облысының әкімшілік орталығы. Украинаның орталық бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан. Тұрғындары жыл сайын орта есеппен алғанда 20 мың адамға тұрақты түрде өсіп келеді.[9] Киев – халқының есебі бойынша европадағы Мәскеу, Лондон, Санкт-Петербург, Берлин және Мадридтен кейін алтыншы орынды иемденген. Киев поляндықтар, Киев Русінің, және Киев князьдігінің астанасы болған. 1917 жылғы қарашаның 7 мен 1918 жылдың 29 сәуірі аралығында және 1918 жылдың 14 желтоқсаны мен 1919 жылдың 5 ақпаны аралығында - Украина Халық Республикасының астанасы, 1918 жылдың 29 сәуірі мен 14 желтоқсаны аралығында – Украина Державасының (Ірі мемлекетінің) астанасы, 1919 жылдың 7 қыркүйегі мен 29 желтоқсаны аралығында - ОРҚК Киев әскери облысының орталығы, 1934 жылдың маусымынан 1991 жылдың 24 тамызына дейінгі уақыт аралығында УССР, 1991 жылдан бері – Украина астанасы. Киев – елдің алдаңғы қатарлы саяси, әлеуметтік-экономикалық, көліктік және ғылыми орталығы. Киевте үкіметтің жалпымемлекеттік органы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шет мемлекеттер елшілігі, жалпымемлекеттік коммерциялық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, сол сияқты шетел серіктестерінің Украинада жұмыс істейтін өкілдігінің көпшілігінің штаб-пәтерлері бар. Қаланың өзінің елтаңбасы мен туы бар. ІХ ғасырдан ХІІ ғасыр аралығында Киев Русінің орталығы ретіндегі тарихи өзіндік мәнінің күшімен де қаланы қазіргі уақытта да «Орыс қалаларының анасы» деп атайды. Физико-географиялық сипаттамасыКлимат
АтауыАтаудың шығу тарихыЕскіден қалған бір сөздерде қаланың атауы Кия деген есімнен шығады дейді - аңызда айтылғандай, Киев негізін қалаған ағайынды үш жігіттің ең үлкені. Бұл аңыз бізге дейін ХІІ ғасырдың «Повесть временных лет» шежіресімен жеткен болатын.
дейді… Шежіреші... мұны былай негіздейді:
Қала атауының шығу тарихы тұрғысындағы тағы бір қызықты нұсқасы Гельмольдің «Славянская хроника» жазбасы береді.[10]:
Атауларды өзге тілге трансляциялау негіздері.Славян тілдерінде бұл қаланың атауында кейбір жайттарда Кий есімінен сын есімнің туындауы негізінің шығуына орай, екінші жариясы едәуір түленділіп айтылады. Мысалы, қала орыс тілінде Киев деп аталады, Поляк тілінде Kijów ([ˈcijuf]), сербтер мен хорваттар тілінде — Kijevт.с.с. Киев ұзақ уақыттар бойына Ресей империясының және КСРО-ның құрамында болғандықтан, қала атауы славян тілінен емес, орыс тілі: ағылшын Kiev, немісше Kiew, т.с.с. арқылы таралды. Украин үкіметі Украина тәуелсіздігін алғаннан кейін ресми құжаттарда украиндық атауы негізін орыс тілінен емес, ағылшын тілінен алатын болды.[11] Бұл сонымен қатар, Киевтің ағылшын нұсқасына негізделіп, нәтижесінже Kyiv сөзі пайда болды, алайда ағылшын тілдес азаматтар үшін [12] үйреншікті болмағандықтан да олардың қолданысында Kiev [13] сөзінен гөрі сирек айтылады.. ТарихыАрхеологиялық қазбалардың көрсетуі бойынша Киев облысының аймағындағы тұрғындар 15 000—20 000 жыл бұрын болған екен. Неолит және энеолит (мыс дәуірі) кезеңдері трипольдық мәдениетін көрсетеді, ескерткіштер мен мезгілдерін зерттеушілер үш кезеңге бөледі: ерте(4500—3500), орта (3500—2750) және кешірек (2750—2000 б.з.д. жж.). Оңтүстік-батыс аймақтардағы қола дәуірінің кезеңіне белогрудтық мәдениет тиесілі екен. Б.з.д. І мың жылдық - б.з. І мың жылдығының алғашқы кезеңінде Зарубинец мәдениеті солтүстік-батыс Киевтіктерге тән болды. Заманауи Киев және Киев облысының аймағындағы темір ғасыры, сол сияқты, «киев мәдениеті» деп аталған және II—III ғғ., IV—V ғғ. тұсында дунайдың төменгі бөлігіндегі ормандар мен даладан Днепрдің сол жағалауына және шығыстағы Черниговтік черняхов археологиялық мәдениетін көрсетеді. Киев аса ірі әкімшілік орталық ретінде антикалық географтардың айтуы бойынша Шығыс Еурпада (К.Птолемей және басқалары) б.з. ІІ ғасырдн бері ғұндар қожалығы кезеңінде өз қызметін бастап кеткен болатын. Әрі қарай ол бұлғар,печенег, хазарлар, қыпшақтар «сахаралық» империясы аясында динамикалық түрде дамыды. Әр түрлі зерттеулерде оның тұрғындарының арасында торктер (Ақ шіркеу - Торческ) колбягтар, бұлғарлар, печенегтер, далалықтар және басқалар бар екенін айтады. БіліміІХ ғасырдан бастап Киев Шығыс Еуропаның интеллектуалды дамуының орталығы болды. XVII ғасырдың аяғынан бастап Киев-Могилян академиясы көптеген танымал ғалымдарды даярлап шығарды. Алайда бірінші еуропалық үлгідегі заманауи университет Николай І патшаның жарлығымен Әулие Владимир атындағы Киев Императорлық университеті ретінде құрылды. Міне, бүгінде Киев – Украинадағы ірі ғылым мен білім орталықтарының бірі. Киевте халықаралық дәрежедегі университеттерді қосып алғанда, көптеген жоғары және орта білім мекемелері, соның ішінде Украинаның үш ең беделді университетттері: Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық Университеті, Украинаның «КПИ» Ұлттық техникалық Университеті және «Киев-Могилян академиясы» Ұлттық университеті орналасқан [14]. «КПИ» Ұлттық техникалық Университеті Киевте Киевте 350 мектеп, 100-ден астам гимназиялар мен лицейлер, 70-тер шамасында Жоғары оқу орындары[15] бар, олар: Киев ұлттық экономикалық университеті Киев құрылыс және сәулет өнері ұлттық университеті (КИСИ) М. П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагоикалық университеті Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар мемлекеттік университеті «Киев-Могилян академиясы» Ұлттық университеті Киев Ұлттық лингвистика университеті (ИНЯЗ) Украина ғылыми Ұлттық университеті (НАНУ) Украина биоресурстары мен табиғатты пайдалану Ұлттық университеті Киев ішкі істер Ұлттық университеті О.О. Богомолец атындағы Ұлттық медициналық университет Халықаралық Соломонов университеті Украина дене тәрбиесі және спорт Ұлттық Университеті (ИНФИЗ) И. К. Карпенко-Каро атындағы театр, кино және теледидар Киев Ұлттық университеті Мәдениет және өнер Киевтік Ұлттық университеті Киевтік Ұлттық технология және дизайн университеті Киев Ұлттық тағам технологиясы университеті Киевтік нарық қатынасы университеті Киевтік Ұлттық сауда-экономикалық университет ӨнеркәсібіКиев Украинаның ірі өнеркәсіп орталығы болып табылады. Қалада халық шаруашылығының көптеген салалары бар. Олар: жеңіл және тағам өнеркәсібі, полиграфия, машинажасау, металлургия, авиақұрылыс. Негізгі өнеркәсіптер:
Экономикалық көрсеткіштер
Украина статистикасы мәліметтері бойынша алынды[16]. ТранспортыКиев қаласы - ірі транспорттық торап (темір және тас жолдар,кемежай, әуежайлар). 1960 жылдан бері метрополитен жұмыс істейді. Автобус, троллейбус, трамвай жүйесі дамыған, фуникулер (тауға көтеретін жол) жұмыс істейді. Әуе жолыКиевте үш әуежай қызмет етеді: халықаралық аэропорт Борисполь ( Киев шетіне қарай, Киевской облысы Борисполь қаласында), Киев ( Жуляны ескі атауы және жүк тасу Гостомель әуежайы.
Сол сияқты, қаланың шетінде Святоши әуежайы орналасқан (Авиант әуежайы бәрінен бұрын "Авиант" Киев әуезауытына қызмет көрсетуге қолданылады). Сонымен бірге қаланың маңында Васильков, Узин, Белая Церковь қалаларында әскери әуежайлар орналасқан. Бірнеше рет Васильков пен Белая Церковь әуежайларын жолаушылар әуежайы ретінде жоспары талқыға салынды. Қаланың қатарында кішігірім мынадай әуежайлар орын алған: Чайка (бұрынғы ДОСААФ, парашюттік база, спорттық авиация), Бузовтық (планерлік база), Долина (спорттық авиация), Бышев, Бородянка (парашюттік база), Киев-Южный (Гребинки, сельхоз, авиация, тікұшақтар) және басқалары. ТеміржолТеміржол вокзалдары:
Өзен жолыМетроТрамвайФуникулёрТроллейбусАвтобусМаршрутты таксилерДереккөздер
|