Братислава (словен.Bratislava (1919 жылға дейін — Прешпорок немесе Пре́шпорек, Prešporok, Prešporek), нем.Pressburg, Пресбург, маж.Pozsony, Пожонь, орта ғасырларда лат.Posonium, лат.Istropolis, Истрополис) — Орталық Еуропадағы қала, Словакияның астанасы, 1536-1784 жылдары – Мажарстан астанасы.
Халқы - 1171 мың адам. Қаланың аумағы - 368 ш. км.
Братислава әлемдегі екі түрлі мемлекетпен - Аустриямен және Венгриямен тікелей шекаралас жатқан бірден-бір мемлекет. Братиславаның Копчьянск көшесі көршілес Аустрияның ежелгі КитзееніңПрессбургерштрассе көшесін қиып өтеді. Ал 1936 жылға дейін Братиславадан Венаға дейін қалалық трамваймен жетуге болатын.
Географиялық жағдайы
Географиясы
Братислава Дунай өзенінің екі бірдей жағасында, Кіші Карпат тау бөктерінде орналасқан. Қала Аустрия (2007 жылдың 21 желтоқсанына дейін Петржалка-Берг және Яровце-Китзее шекаралық өтулер болған)және Венгрия (2007 жылдың 21 желтоқсанына дейін Русовце-Райка шекаралық өтулер болған) шекарасымен бірден тұтасып кетеді.
Климаты
Континантальді, жылдық орташа температурасы - 9,9 °C, күннің орташа сандық сағаты жылына -1976,4, жауын-шашынның жылдық түсімі— 527,4 мм (1993). Қаңтардағы орташа температура — орта есеппен алғанда −1,5 °C, ал шілдедегі орташа температура — орта есеппен алғнда 21 °C. Қысқы кезеңі - қар жамылғысымен суық, әрі ылғалды. Жазы - жиі болатын күшті желімен жылы.
Халқы
2001 жылғы санақ бойынша словактар тұрғындардың 91,4 %, венгрлер 3,8 %, чехтар1,9 %, немістер 0,3 %, және басқалары 2,6 % құрады,