Көптоғай ауылдық округі (Атырау облысы)
Басқа мағыналар үшін Көптоғай ауылдық округі деген бетті қараңыз.
Көптоғай ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік құрамыҚұрамына Көптоғай, Балықшы ауылдары кіреді. Орталығы – Көптоғай ауылы[2]. Халқы2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1138 адамды (599 ер адам және 539 әйел адам) құрады.[3] ТарихыОкруг ауданның батысында Қиғаш, Долинка өзендерінің аралығында орналасқан. Ертеден балық шаруашылығымен айналысқан бұл өңір тұрғындары соғыстан кейінгі жылдары егіншілікпен айналысты. Бұл жерде 1938 жылы Кордуан ауылдық кеңесі құрылған. Соғыстан кейін Панфилов атындағы колхоз құрылып, балықшылар өз кәсіптерімен айналысқан. 1968 жылы Құрманғазы атындағы совхоздың №3 ферма орталығы болып, қайта құрылып тұрғындар Дыңғызыл ауылдық округіне қарады. 1977 жылы маусым айында Республика Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Көптоғай жеміс-жидек, сүт совхозы құрылып, сол жылдың аяғында Көптоғай селолық кеңесі өз қызметін бастады. ИнфрақұрылымыҚазір ауылдық округте орта мектеп, балабақша, медпункт, байланыс бөлімшесі бар. 14 шаруа қожалықтары, 6 сауда нүктесі, Қиғаш езенімен өтетін жүзбелі паром жұмыс жасайды.[4] Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер
Дереккөздер
|