Ақкөл (Атырау облысы)
Басқа мағыналар үшін Ақкөл деген бетті қараңыз.
Ақкөл (бұрынғы аты ст.Ганюшкино) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл (1974-2003 жж. кент)[2], Ақкөл ауылдық округінің орталығы және теміржол стансасы. Географиялық орныАудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде, құмдақ топырақты шөл белдемінде орналасқан. Халқы
ТарихыІргесі 1974 жылы Атырау — Астрахан теміржолын салуға байланысты қаланған. Ақкөл ауылының тарихы негізінен теміржол торабының бойында орналасқан Ганюшкин стансасымен тығыз байланысты. Станса құрылысы басталғанға дейін осы аумақты айнала бірнеше көлдер болған, сол себепті сол көлдердің бірінің атауы берілген. Әлеуметтік және мәдени нысандарыАқкөл жалпы орта мектебі, Дәулеткерей балалар музыка мектебінің филиалы, ауылдық дәрігерлік емхана, Ақкөл ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, пошта және байланыс торабының бөлімі жұмыс істейді.[3] Мектептер
Діни мекемелері
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік29 шаруа қожалығы, 129 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. 2 мейрамхана, 1 кафе-бар, 29 дүкен, 1 қонақ үйі, 1 шаштараз халыққа қызмет көрсетсетуде. Бұрынғы ұжымшар орнына жеке шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.[5] Өндіріс орындары1 керамикалық кірпіш зауыты әр түрлі тас өнімдерін өндірсе, 1 зауыт керамзит өндірумен айналысады. Сонымен қатар 8 теміржол мекемесі-Ганюшкин станциясы, Ганюшкин жол дистанциясы бөлімшесі, Ганюшкин айналым депосы, Ганюшкин электрмен жабдықтау бөлімшесі, әскериленген күзет бөлімі. Транстелеком, Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы филиалының Ганюшкин бөлімшесі, вагон жөндеу, тексеру мекемелері және «Интергаз Азия» АҚ-ның Ақкөл желілік өндірістік басқармасы, ауданға теміржол көлігімен тасымалданып әкелінетін, шығарылатын жүктерді түсіруге,тиеуге арналған 5 теміржол тұйықтары, 2 мұнай өнімдерін құю өңдеу терминалдары, әр бағыттағы 3 өндірістік база, 2 су тазалап беру ғимараты, 1 орталық жылу беру қазандығы жұмыс жасайды. Елді мекендегі көшелер
Дереккөздер
Бейнетаспалар
|