Құрманғазы (Құрманғазы ауданы)
Басқа мағыналар үшін Құрманғазы (айрық) деген бетті қараңыз.
Құрманғазы (2018 ж. дейін Ганюшкин)[2]) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы. ГеографиясыАуыл Еділ өзенінің саласы — Шарон (кейбір деректер бойынша Шора) өзенінің бойында орын тепкен. Облыс орталығы Атырау қаласынан 245 км, Ресейдің Астрахан қаласынан 113 км қашықтықта орналасқан.[3] Ганюшкин арқылы Атырау—Астрахан тас жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы Ақкөлмен ара қашықтығы — 25 шақырым. Халқы2010 жылдың 1 қазандағы дерек бойынша Ганюшкинде 12830 адам[4] тұрады. Соның басым көпшілігі (94%) — қазақтар.[3] 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады.[5] ТарихыАстрахан мұрағатынан алынған деректер бойынша ауыл құрылған жылы (1793 немесе 1789—1793 ж. аралығы) Ганюшкинде 15 үй болған, оның ішінде 38 ер, 41 әйел, барлығы 79 адам тұрған, ал 1871 ж. 53 үйде 358 адам тұрған, олардың ішінде 229 ер, 179 әйел болған. 1917-1922/23 жылдардағы азамат соғысы кезінде Ганюшкин ақтардан қызылдарға және керісінше бірнеше рет ауысып, қолдан-қолға өткен. 1919 ж. 23 қарашада Ганюшкин Қызыл әскер құрамына біржолата өтті. Жергілікті танымал қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұйымдастыруымен Ганюшкин — әуелі болыс орталығы, содан соң 1922 ж. уез орталығы, ал 1928 жылдан бастап аудан орталығы болды.[3] 2018 жылы сәуірде ауыл есімі Ганюшкиннен Құрманғазы болып өзгертілді[2]. Ішкі бөлінісіАуыл Үлкен және Кіші Ганюшкин, Самаркин, Бұзаусылан (Безымянный), Рембаза, Құрылысшылар ауылы (ПМК), РТС, Кіресті (Красиловка), Жапырық (Ягодный) деп аталатын мөлтек аудандардан тұрады[3]. Мөлтек аудандардың аталу тарихы төмендегідей: Самаркин — Көпес Ганюшкин берген атау делініп жүр. Самар беті мағынасында. Бұзаусылан — ертеде айналасының барлығын су қоршаған арал болған, осы аралға тұрғындар бұзауларын қайықпен шығарып, шөпке жайған. Әрі қарайбұл арал Бұзаусылан деп аталған. ЕскерткіштеріАуылда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыға, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевке, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш, интернационалист-жауынгер Бауыржан Бегалиевке ескерткіш тақталар орнатылған.[3] Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға орнатылған «Ер есімі- ел есінде 1941-1945 жылдары» атты ескерткіш обелискілер, Данқ орденінің үш бірдей иегері Ғизат Мұқашұлы Әліповке, Кеңес Одағының Батыры Филипп Савельевич Мазуровқа, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға, Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевқа орнатылған гранит белгілері бар. Сонымен қатар Ауған жеріндегі соғысқа 1979-1989 жылдар аралығында 95 интернациалист жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш, Тәжік -Ауған шекара аймағында қатысқан 1992-2001 жылдар аралығында ауданнан қатысқан 53 жауынгерге ескерткіш, Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың құрметіне ескерткіш, «Қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік жадымызда» 1930-1940 жылдар аралығында 30-ға жуық жерлестерге арналған ескерткіш орнатылған. Әлеуметтік және мәдени нысандарыҚұрманғазы ауылында 3 қазақ мектебі, 1 орыс мектебі, сондай-ақ Ганюшкин мектеп-интернаты бар. Сонымен қатар орталық аурухана, мәдениет үйі, емхана, мұражай, басқа да мекемелер орналасқан.[3] Сонымен қатар спорт кешені, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана жұмыс жасайды. Колледж
Мектептері
Мектепке дейінгі балалар мекемелері
Аурухана
Діни ұйымдар
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік«Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан. Ауыл суреттері
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
|