Егінқұдық
Егінқұдық — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округінің құрамындағы ауыл. ОрналасуыАудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 296 км жерде жазық келген сортаңды шөлейт далада орналасқан. Халқы1999 жылы тұрғындар саны 329 адам (171 ер адам және 158 әйел адам) болса, 2009 жылы 358 адамды (191 ер адам және 167 әйел адам) құрады.[1] 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 136 адамды (71 ер адам және 65 әйел адам) құрады.[2] ТарихыЕгінкұдық - XIX ғ. аяқ шенінде Қалмақ қисымында әкім болған Мұхамед-Салық Бабажановтың бастауымен ел отаршылыққа дағдыланып өңірге жеміс ағаштарын әкелдіріп, малмен бірге егін өсірумен айналысқан. Сол тұста бау-бақша да өсірумен алғаш айналысқан елді мекен. Егінге құдықтардың суын шығырмен тарттырып, пайдаланған. Осыдан келіп Егінқұдық атауы тұрақты қолданысқа енген.[3] Елді мекендегі көшелер
Дереккөздер
|