Жасталап (Атырау облысы)
Басқа мағыналар үшін Жасталап деген бетті қараңыз.
Жасталап — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Географиялық орныАудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Халқы1999 жылы тұрғындар саны 431 адам (217 ер адам және 214 әйел адам) болса, 2009 жылы 351 адамды (165 ер адам және 186 әйел адам) құрады.[1] 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 325 адамды (159 ер адам және 166 әйел адам) құрады.[2] Тарихы1930 жылдары Жасталап ауылында артель құрылған. Соңынан «Жасталап» балықшы колхозы болды. Егін шаруашылығымен айналысқан. Байда селолық советіне қарады. «Жасталап» колхозына 1957-1958 жылдары Ботақан ауылдық советі мен Алға колхозын қосып ірілендірді. Бұл жерге балық аулау үшін бірнеше ондаған жас отбасылар келіп, қоныс тебеді. Сөйтіп, ауыл үлкендері жастарға игі баталарын беріп, ауылға «Жасталап» атауын қойған.[3] Әлеуметтік және мәдени нысандары
Елді мекендегі көшелер
Дереккөздер
|