Share to:

 

Бірлік (Құрманғазы ауданы)

Ауыл
Бірлік
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Құрманғазы

Ауылдық округ

Бірлік

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°29′29″N 48°59′49″E / 46.49139°N 48.99694°E / 46.49139; 48.99694

Құрылған уақыты

1957

Бұрынғы атаулары

Утеры, Утера (Үтері)

Тұрғындары
Тұрғыны

1699 адам (2021)

Бірлік картадаҚарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Бірлік картада
Бірлік
Бірлік
 Басқа мағыналар үшін Бірлік деген бетті қараңыз.

Бірлік (2007 жылға дейін – Утера[1]) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, Каспий теңізінің солтүстік-батыс жағасында, теңіз арқылы салынған Игольный каналы бойында орналасқан[2].

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1640 адам (810 ер адам және 830 әйел адам) болса, 2009 жылы 1697 адамды (847 ер адам және 850 әйел адам) құрады.[3]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1699 адамды (888 ер адам және 811 әйел адам) құрады.[4]

Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік

Іргесі 1957 жылы балық аулайтын ұсақ кәсіпшілікті біріктіру негізінде “Қызылтаң” балық аулайтын ұжымшардың орталығы есебінде қаланған. Кеме жөндеу шеберханасы, балық тоңазытқыш, т.б. мекемелер бар. „Каспий - балық“ өндірістік кооперативі, „Балық өнімдері“ тұтынушылар кооперативі т.б.жұмыс жасайды.

Әлеуметтік және мәдени нысандары

  • С.Имашев атындағы орта мектеп — 1918 жылы орыс бастауыш мектебі болып ашылды. 1934 жылы аралас бастауыш мектеп, 1938 жылы орталау болып, ол К.Маркс атындағы, ал 60 жылдардың басынан Утера 8 жылдық мектебі деп аталған.[5] 1984 жылы С.Н.Имашев атағы берілді.[6] 1989 жылы жаңа жобадағы 3-қатарлы мектеп үйі салынып пайдалануға берілді.
  • «Жұлдыз-ай» бөбекжай-балабақшасы
  • Бірлік ауылдық клубы

Атақты тұлғалары

Қасым Асанов (1931—2006) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі.

Ауыл суреттері

Елді мекендегі көшелер

  • Әмірғали Мұқашев көшесі
  • Балықшы көшесі
  • Болашақ көшесі
  • Бірінші мамыр көшесі
  • Василий Григорьев көшесі
  • Қаби Оқаев көшесі
  • Қиғаш көшесі
  • Мұхамбетшәріп Бекбаев көшесі
  • Сатыбалды Расбеков көшесі
  • Тәуелсіздік көшесі
  • Философ Котельников көшесі
  • Ынтымақ көшесі

Дереккөздер

Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya